Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы атыс: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты

Опубликовано:

аурухана
Аурухана. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасында қалада түнде болған атыс кезінде зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның хабарлауынша, орталық қалалық клиникалық ауруханаға екі науқас түскен. Біреуі маңдай сүйегінің сынығы, жабық бас сүйек-ми жарақаты, сол аяқ тізесінің оқ жарақаты диагнозымен жеткізілді.

Науқас нейрохирургия бөліміне жатқызылды, қазір жағдайы бірқалыпты, медицина қызметкерлері басына ота жасауға дайындап жатыр.

"Екінші науқас ауыр жағдайда құрсақ қуысына тиген оқ жарақаты, ішіне қан кету, қансырау мен ауырсынудан болатын шок, оң қол буынына тиген оқ жарақаты диагнозымен ауруханаға түсті", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.

Басқарма мәліметінше, науқасқа ішек тұтастығын қалпына келтіру және іш қуысынан қан кетуді тоқтату үшін шұғыл ота жасалған.

Қазір ол хирургия бөлімінде жатыр, науқастың жағдайы тұрақты ауыр.

Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматының орталығында түнде болған атыс туралы ақпарат тараған болатын. ІІМ жағдайға қатысты түсініктеме берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2035367-almatydagy-atys-darigerler-zardap-sekkenderdin-zagdaiyn-aitty/

pixel