Алдағы күндері Қазақстанның кей аймақтарында күн жылы болады деп күтіледі
Жарияланған күні:
Читать на русскомСиноптиктер 7-9 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжады. Дегенмен бірқатар өңірде күн жылы болады күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.
Атап айтқанда, 8-9 қыркүйек күндері солтүстік-батыста, ал 9 қыркүйекте еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын күтіледі.
Дегенмен синоптиктер республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, +18...+25 градусқа жететінін хабарлады.
Бұл ретте Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы +13...+23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында термометр бағаны +22...+30 градусты көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035505-apta-ortasynda-qazaqstannyn-kei-aimaqtarynda-kun-zyly-bolady/