jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы күндері Қазақстанның кей аймақтарында күн жылы болады деп күтіледі

Жапырақтардың арасында отырған кішкентай қыз
Күз. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 7-9 қыркүйек аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп болжады. Дегенмен бірқатар өңірде күн жылы болады күтілуде, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.

Атап айтқанда, 8-9 қыркүйек күндері солтүстік-батыста, ал 9 қыркүйекте еліміздің солтүстігінде қатты жаңбыр жауады деп күтілуде.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнде жауын-шашын күтіледі.

Дегенмен синоптиктер республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз ауа температурасы біртіндеп көтеріліп, +18...+25 градусқа жететінін хабарлады.

Бұл ретте Қазақстанның батысында, солтүстік-батысында ауа температурасы +13...+23 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.

Ал республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында термометр бағаны +22...+30 градусты көрсетеді.

Алдағы күндері Қазақстанның кей аймақтарында күн жылы болады деп күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.