"Қатты жаңбыр, бұршақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлдағы демалыс күндері Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Метеорологтардың мәліметінше, 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.
Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал.
Мамандар жауын-шашын болғанмен, күн жылы болады деп болжады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +10...+20 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +20... +30 градусқа дейін көтеріледі.
Бүгін, 8 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде найғазай ойнап, жауын-шашын болатынын хабарлаған едік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035821-qatty-zanbyr-bursaq-demalys-kunderi-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/