jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Қатты жаңбыр, бұршақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстап отырған бозбала
Қолшатыр ұстап отырған бозбала. Көрнекі фото: pixabay.com

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның барлық аумағында жаңбыр жауады деп күтілуде. Кей өңірлерде бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, 9-11 қыркүйек аралығында Қазақстанның барлық аумағында найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, еліміздің батысында, солтүстігінде, орталығында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Сондай-ақ еліміздің кей өңірлерінде бұршақ жаууы ықтимал.

Мамандар жауын-шашын болғанмен, күн жылы болады деп болжады. Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы күндіз +10...+20 градусқа дейін, республиканың шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +20... +30 градусқа дейін көтеріледі.

Бүгін, 8 қыркүйекте еліміздің басым бөлігінде найғазай ойнап, жауын-шашын болатынын хабарлаған едік.

"Қатты жаңбыр, бұршақ": демалыс күндері Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram