Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"5 жасар қыз баланың өлімі": Сарыағаш аудандық сотының төрағасы өз еркімен қызметтен кетуге арыз жазды

Опубликовано:

Сот балғасы
Сот балғасы. Көрнекі фото: Рixabay.com

Осыдан біраз уақыт бұрын Сарыағашта бес жасар қызды көршісі айуандықпен болатын. Он жыл отырып шыққан күдіктіге тағы бір қылмысы үшін шартты жаза берген аудандық сот төрағасы өз еркімен қызметінен кету үшін арыз жазған, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Арна мәліметінше, осыған дейін Сарыағаш тұрғындары аудандық сот төрағасы Нұрғазы Шетеновті қызметінен босатуды талап еткен.

Арна мәліметінше, шілде айында ойнап жүрген бес жасар қызды ішімдікке сылқия тойған көршісі алдап үйіне шақырып, зорлап өлтірген. Ауыр қылмысқа бармас бұрын Сайдолим Гаибназаров біреудің басын балтамен ұрып жарған. Бірақ бұрын да он жыл отырып шыққан қауіпті қылмыскерге Нұрғазы Шетенов небәрі үш жыл шартты жаза кескен.

"Егер қылмыскер сол кезде сотталып кетсе, қызымыз аман қалар ма еді", - дейді қара жамылған отбасы.

Ал кеше сот үкімімен 48 жастағы қылмыскер өмір бойына сотталды. Бүгін аудандық сот төрағасы өз еркімен жұмыстан кетуге өтініш жазған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2035916-5-zasar-qyz-balanyn-olimi-saryagas-audandyq-sotynyn-toragasy-oz-erkimen-qyzmetten-ketuge-aryz-zazdy/

pixel