jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Астанада бірнеше автобус бағытын уақытша өзгертті

Автобусқа мінейін деп жатқан ер адам
Автобус. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елордада жол жөндеу жұмыстарына байланысты сегіз автобус бағытының қозғалыс кестесі уақытша өзгертілді, деп хабарлайды City Transportation Systems Instagram-дағы ресми парақшасында.

"Құрметті жолаушылар! Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 1А, 24, 24Н, 30 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді", – делінген хабарламада.

Сондай-ақ CTS автобустардың өзгерген бағытының кестесін жариялады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын кептеліс туындамас үшін бағытын алдын ала жоспарлауға шақырды.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналықтарға жөндеу жұмыстарына байланысты Сағадат Нұрмағамбетов көшесіндегі көлік жолдары бірнеше күнге жабылатыны хабарланған болатын.

10-15 қыркүйек аралығында Айнакөл көшесінен Қошқарбаев даңғылына дейінгі аумақта көліктердің қозғалысы толық шектелетіні айтылған.

Астанада бірнеше автобус бағытын уақытша өзгертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.