jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Зайырлы елміз": Аида Балаева Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді

Аида Балаева
Аида Балаеа. Фото: facebook.com/AidaBalayeva

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ министрдің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Министрдің сөзінше, қазір әлеуметтік желіде мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты талқы тоқтар емес.

"Осыған байланысты, діни салаға жауапты лауазымды тұлға ретінде, өз тарапымнан түсініктеме беруді жөн көріп отырмын.

Ата заңымызға сәйкес Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Сөз жоқ, мемлекет дін бостандығына кепілдік береді. Бірақ біз - зайырлы елміз! Сол үшін де мемлекеттік саясаттың барлық мәселелері діни пәтуалармен емес, азаматтық нормалармен реттеледі. Құқықтық-нормативті актілер әрбір оқушыға мектеп қабырғасында арнайы бекітілген форма киюді міндеттейді. Өйткені, білім беру ерекшелігі бірыңғайлықты талап етеді", - деді Аида Балаева.

Министр Конституция бойынша мектептің міндеті - ел азаматтарына сапалы білім беруге кепілдік беру және оны қамтамасыз ету екенін атап өтті.

"Сондықтан да, мектепте бала ең алдымен сапалы білім алуы керек. Содан кейін барып, ержете келе діни наным-сенімін, қандай киім үлгісін киетінін өзі шешеді деп ойлаймын", - деді министр.

Айта кетейік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оқушы қыздардың мектепке орамал тағып баруына қатысты туындаған мәселеге байланысты мәлімдеме жасаған болатын.

"Зайырлы елміз": Аида Балаева Қазақстан мектептерінде хиджаб кию мәселесіне қатысты пікір білдірді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.