Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БАҚ: Таиландта ММА файтерімен сөз байласқан үш қазақстандық Италия азаматын тонаған

Жарияланған күні:

Кісен салу
Қамауға алу. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Таиландтық БАҚ мәліметінше, Пхукетте үш қазақстандықпен сөз байласып, Италия азаматын тонап кеткен екі ресейлік қамауға алынған. Бұл туралы The Phuket News порталы хабарлады.

Басылымның мәліметінше, қазақстандықтар Ресейден келген атақты ММА файтер Хусейн Асхабов пен оның егізі Хасанмен сөз байласып әрекет еткен. Хасан Таиландта ұсталған.

БАҚ хабарлауынша, тонау "Чернг Талай" шипажайында болған - үш қазақстандық Италия азаматының вилласына кіріп, одан ақпарат алу үшін оны байлап, азаптаған. Кейін ер адамдар италиялықтан 12 миллион бат (155 миллион теңге) ұрлап, Пхукеттен Дубайға ұшып кеткен.

Ер адамнан ақшадан бөлек, Rolex, Patek Philippe және GRAFF сағаттары, сондай-ақ бір Macbook, iPhone 13, iPhone 14 және күн сәулесінен қорғайтын көзілдірік ұрланғаны атап өтілді.

Басылымның тоналған италиялықтың танысының сөзіне сүйеніп жазуынша, жәбірленуші шабуыл жасағандарды танымайды және оларды бұрын-соңды көрмеген.

"Үшеуі оны жатын бөлмеден сүйреп әкелген, кейін оны байлап, аузы мен көзін жапқан. Содан соң шабуылдаушыларға бәрін ұйымдастырған адам қоңырау шалып, үш адам барлық ақпаратты, оның ішінде криптовалюта жатқан дискінің реестрін сұраған", - деп жазады басылым.

Басылымның дерегінше, күдіктілер бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бейнебақылау камерасына жазылған видеодан ер адамдар өздеріне қажетті ақпаратты, ақша мен материалдық құндылықтарды алғаннан кейін италиялықты еденде тастап кетіп, вилладан шығып кеткенін көруге болады.

Полиция мен жәбірленушінің айтуынша, шабуылды ММА шебері Хусейн Асхабов пен оның ағасы Хасан ұйымдастырған. Зардап шеккен ер адамның сөзінше, ол ресейліктерді таниды. Оның айтуынша, күдіктілер өткен жылы "Чернг-Талай" шипажайындағы дәмханалардың бірінде танысқан.

Пхукет полициясы ағайынды Асхабовтардың ұсталғаны туралы ақпаратты растады. Полиция есебінде ер адамдардың қай жерде ұсталғаны жазылмаған. Алайда Пхукет провинциясының соты 4 қыркүйекте оларды ұстауға ордер беріп, ресейліктер қамауға алынғаны айтылған.

Басылым дерегінше, қазір шабуыл жасады деп күдіктелген үш азамат анықталған. Сондай-ақ олардың Пхукет әуежайында кедендік рәсімдеуден өтіп, Дубайға ұшқаны расталды. БАҚ ер адамдардың БАӘ-ден Қазақстанға оралған болуы мүмкін екенін атап өтті.

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің ақпаратынша, ведомствоға бұл туралы ақпарат әлі келіп түспеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036233-baq-tailandta-mma-faiterimen-soz-bailasqan-us-qaaqstandyq-italiya-azamatyn-tonagan/