Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Адамдар кептелісі: Алматы аялдамасындағы халықтың көптігі тұрғындар наразылығын тудырды

Опубликовано:

Видеодан үзінді
Аялдама толы халық. Видеодан үзінді: instagram.com/kris__p__almaty

Алматы тұрғыны кешкі уақытта адам көп жүретін аялдамада көлік күтіп тұрған халықты видеоға түсіріп алған. Алматы қаласының мобилділік басқармасы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы тұрғыны түсірген бейнеролик kris__p__almaty Instagram парақшасында жарияланды. Видеодан кешкі уақытта аялдамада көп шоғырланған адамдарды көруге болады. Видеоға қарағанда, азаматтар автобусты күтіп тұрған.

Видео авторының айтуынша, оқиға Бауыржан Момышұлы көшесі мен Абай даңғылындағы Әуезов көшесінің қиылысында орналасқан аялдамада, Момышұлы атындағы метро станциясының маңында болған.

"Адамдардың осылай кептеліп, кете алмай тұрғаны қалыпты жағдай ма?" – деді видео авторы.

Көпшіліктің қызу талқысына түскен видеоға қатысты Алматы қаласы мобилділік басқармасында пікір білдірді.

"Көлік холдингінің жүйесі бойынша бұл учаскеде час пик уақытында автобус күтіп тұрған кезде 10-15 минуттың ішінде жиналып қалған жолаушылар анықталған. Көлік холдингіне жолаушылар ағынын тексеріп, тиісті шаралар қабылдау үшін проблемалық учаскелерді анықтау тапсырылды", – делінген Алматы қаласы мобилділік басқармасының хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036266-almaty-turgyny-ayaldamada-avtobus-kutip-turgan-adamdar-keptelisine-narazylyq-bildirdi-video/

pixel