jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

"Өзімді мұғалім ретінде көремін": "Алматы аруы - 2023" өзі жайлы тың ақпарат айтты

Наталья Петри
Наталья Петри. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Алматы аруы - 2023" атанған Наталья Петри өзі туралы айтып берді. Бойжеткен бүгінде университетте оқитынын атап өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Наталья Абай атындағы ҚазҰПУ-дың "Ғылыми физика" мамандығының 4-курс студенті екенін айтты. Бойжеткеннің сөзінше, ол мектептен бері тек физикаға емес, химия мен математика пәніне де қызығушылық танытқандықтан, осы бағытты таңдаған.

"Қазір мен модельдік агенттіктің мүшесімін және осы салада белсенді түрде дамып келе жатырмын. Болашақта өзімді табысты модель, кәсіби маман, сонымен қатар мұғалім ретінде көремін", - деп бөлісті сұлулық байқауының жеңімпазы.

Ол бос уақытында кітап оқығанды жақсы көретінін айтады, әсіресе жаны қазақ әдебиетіне жататынын мойындады.

Сондай-ақ 2023 жылдың Алматы аруы тегінің қайдан шыққанын түсіндірді.

"Мен анамның арқасында қазақша жақсы сөйлеймін, ол - қазақ, ал әкем - неміс", - деді ол.

Еске сала кетейік, Наталья Петри 12 қыркүйек күні, сейсенбіде өткен сұлулық байқауының финалында "Алматы аруы" атағына ие болған еді. Сондай-ақ бүгінгі байқауда үш вице-ару анықталды.

Алдағы уақытта олар Натальямен бірге "Қазақстан аруы" байқауына Алматы қаласының атынан қатысады.

"Өзімді мұғалім ретінде көремін": "Алматы аруы - 2023" өзі жайлы тың ақпарат айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.