Оңтүстік астанада "Алматы аруы - 2023" байқауының жеңімпазы анықталды
Жарияланған күні:
Бүгін, 12 қыркүйек күні "Алматы аруы – 2023" байқауының жеңімпазы таңдалды. Ақтық сынға шыққан тоғыз бойжеткен мегаполистің тұңғыш аруы атағын сарапқа салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Іс-шара қаладағы мейрамханалардың бірінде болған. Байқау ұйымдастырушысы Сейіт Советов іс-шараның басында әділ бәсеке болатынына сенімін білдіріп, "Қазақстан аруы – 2023" байқауында оңтүстік астананы тек лайықты ару таныстырсын деп ізгі тілегін айтты.
Финалға тоғыз бойжеткен шыққан: Айлин Хамидова, Айша Нарымби, Аружан Мәмбетәлі, Аяна Нұрқасымова, Виктория Титова, Мадина Әлмұханова, Назерке Әлімбекова, Наталья Петри және Сая Тұрсынбекова.
Әділ қазылар алқасының құрамында мынадай белгілі тұлғалар болды: стилист Эльмира Бекпатшаева, байқаудың бас сарапшысы Андрей Ткаченко, Бауыржан Апсейітов, Лилия Баймұратова, модельер Раушан Әнуарбекова, Ирина Гончарова, Гүлбахор Хасанова, Рафаэль Харун-заде, Дмитрий Лаптюшин.
Одан бөлек, "Алматы аруы – 2022" Томирис Заир, Валерия Оздемир, fashion-фотограф Данил Олейник, Индира Маханова, байқау президенті Айдай Исаева, дизайнер Құралай Нұрқадилова, Совет Сейітов, қырғызстандық дизайнер Арзубек Vonamaв.
Байқау финалының алғашқы сайысы "Визитка" деп аталады. Бойжеткендер қырғызстандық дизайнер Арзубек Vonamaвтың коктейль көйлектерін киіп, сән көрінісіне қатысқан. Талапты бойжеткендер түрлі бағытта өнерлерін паш етті.
Сондай-ақ көрермендер мен әділ қазыларға нәзік жандылардың әсем орындауында ұлттық билер ұсынылды, оған қоса сымбатты бойжеткендер көпшілікке заманауи өнер мен балет биін таныстырды.
Ал қорытындысында олар мегаполис туралы қызықты деректер айтып, Алматы туралы білімдерін көрсеткен.
Бойжеткендер бірнеше номинация бойынша марапатталды.
"Этно-аруы" номинациясында Айлин Хамидова жеңіске жетті. Аяна Нұрқасымова болса Fashion Model номинациясында жеңісін қоржынына салды, Виктория Титова "Спорт-аруы" атанды, Мадина Әлмұханова Fashion Style номинациясында жеңді.
Айша Нарымби – Lady Congeniality номинациясында, Аружан Мәмбетәлі – Media person номинациясында, Мадина Әлмұханова – Fashion Style номинациясы бойынша, Назерке Әлімбекова – Qazaq Aruy, Наталья Петри – Ayauly aru, Сая Тұрсынбекова – Talent performance номинациясы бойынша озық болған.
Сонымен қатар People Choice номинациясында Мадина Әлмұханова жеңіске жетті.
Барлық сайыстан кейін қазылар алқасы бас жүлдені сарапқа салатын төрт қызды таңдады. Әділ қазылар жеңімпазды дауыс беру арқылы анықтаған. Ең көп дауыс жинаған сұлу жеңімпаз деп танылған.
Осылайша Аяна Нұрқасымова Алматының үшінші вице-аруы атанды.
Екінші орынды Айша Нарымби иеленген.
Ал Мадина Әлмұханова бас жүлдегер болды.
Сонымен қатар мегаполистің басты көркі - "Алматы аруы - 2023" болып Наталья Петри атанды.
Алдағы уақытта төрт қатысушының барлығы "Қазақстан аруы" байқауына қатысады.
Еске сала кетейік, былтыр қазан айында Алматыда "Қазақстан аруы - 2022" байқауы өткен болатын. Байқау қорытындысы бойынша алматылық Томирис Кәкімова 2022 жылдың ел аруы атанды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036337-ontustik-astanada-almaty-aruy-2023-baiqauynyn-zenimpazy-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.