Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте жолды таспен жауып тастаған тұрғын жауапқа тартылды

Опубликовано:

Жабылған жол бөлігі
Жабылған жол бөлігі. Фото: instagram.com/police_shymkent

Шымкентте жол ортасына тас түсіріп, көлік қозғалысына кедергі келтірген ер адам жауапқа тартылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, әл-Фараби ауданының тұрғындары полицияның 102 арнасына хабарласып, жергілікті азамат көшенің қақ ортасына тас түсіріп, жолды жауып қойғанын айтқан.

Хабарламадан кейін оқиға орнына аудан әкімдігінің, прокуратураның қызметкерлері мен полиция басқармасының басшы құрамы және жедел тергеу тобы барған.

Полицейлер ер адамға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жолды түгел тазартқан.

Ал тәртіп бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 614-бабы (Көлік құралдарының жүруіне кедергі келтіру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Шымкентте әкімдіктің балансына өткен жері үшін төрт жылдан бері төлем ала алмаған кәсіпкер жолды жауып тастағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036359-symkentte-zoldy-zauyp-tastagan-turgyn-zauapqa-tartyldy/

pixel