jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда енді самокат мінген полицейлер пайда болуы мүмкін

Патрульдік полиция
Патрульдік полиция. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда самокат мінген полицейлер пайда болуы мүмкін. Олар патрульдік көлік өте алмайтын жерде тәртіп бұзушыларды ұстайды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Полиция хабарлағандай, енді тәртіп сақшылары самокат пен мопед мініп, заң бұзғандарды өздерінің "көлігімен" ұстайтын болады.

Телеарна мәліметінше, жол ережесін бұзған самокатшыларды қуып жету үшін полиция қызметкерлеріне де самокатқа ұқсас көліктерді беруді жоспарланып отыр.

Тілші ақпаратынша, жаңалық әзірге тек сынақ режимінде және бір ауданда енгізілген. Жақын арада осындай бірнеше мобильді топ пайда болып, олар барлық қалалық саябақ пен алаңды бақылауы мүмкін.

Биыл жазда Қазақстанда скутерлерге қатысты ережелер мен шектеулер енгізілгеніне қарамастан, көлік жүргізушілері мен жаяу жүргіншілер самокат жүргізушілеріне шағымдануда.

Автокөлік жүргізушілерінің айтуынша, самокат пен мопед жүргізушілерінің көпшілігі ережені елемейді: олар тоқтау сызығынан өтіп кетеді, жолды кесіп, сол жақ жолақтан оңға және керісінше бұрылады.

Тұрғындар самокатшылардың жаяу жүргіншілер жолына өтіп кетіп, ереже сақтамайтынын айтады.

Полицейлер тәртіп бұзушыларды ұстау оңай емес екенін мойындап отыр.

"Кейде самокатшылар қашып кету үшін жаяу жүргіншілер жолына шығып кетеді. Әрине, полиция көлігі тротуарға секірмейді ғой. Кейбір жағдайларда мүмкіндік болса, полиция оларды жаяу қуып жетеді. Біз дәл қазір осыны ойластырып жатырмыз. Саябақ аумақтарында жаяу патрульдік полиция қызметкерлері тәртіпті сақтау үшін самокатпен қамтамасыз етілуі мүмкін", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қалалық ПД ресми өкілінің ақпаратынша, Алматы қаласында сегіз айдың көлемінде мопедтердің қатысуымен 220 жол көлік оқиғасы тіркелді. Өкінішке қарай, екі адам қаза болып, 240 адам жарақат алған болатын.

Ал мопед жүргізушілерінің қатысуымен 5678 жолл жүру ережесін бұзу деректері анықталды. Самокат жүргізушілерінің қатысуымен жыл басынан бері 7 мыңға жуық жол жүру ережесін бұзу деректері анықталды.

Дереккөз: КТК арнасы

Алматыда енді самокат мінген полицейлер пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.