Ішкі істер министрлігі Ерұлан Жамаубаевтың "ұсталуы" туралы ақпаратқа пікір білдірді
Жарияланған күні:
Ішкі істер министрлігі Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевқа жасалған ақпараттық шабуылға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың ұсталғаны туралы ақпарат жарияланған еді.
Осыған байланысты NUR.KZ тілшісіне пікір білдірген Ішкі істер министрлігі жалған мақала жарияланған сайт Қазақстаннан тыс жерде орналасқанын хабарлады.
"Сайтты тексеру нәтижесінде оның шетелде орналасқаны анықталды. Осыған байланысты уәкілетті органға сайтты бұғаттау туралы хабарлама жіберілді. Осы ақпаратты жариялауға қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша қосымша жұмыстар жүргізілуде", - деп жазылған министрліктің хабарламасында.
Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде жарияланған ақпаратқа Қаржы министрлігі түсініктеме берді. Ведомство Жамаубаевқа қарсы сот ісі туралы мақала мен оның ұсталды деген фотосуреті жалған екенін мәлімдеді.
Ерұлан Жамаубаев 2020 жылғы мамыр айынан бастап Қаржы министрі қызметін, 2022 жылғы мамырдан бастап премьер-министрдің орынбасары қызметін қоса атқарып келеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036579-iski-ister-ministrligi-erulan-zamaubaevtyn-ustaluy-turaly-zazbaga-tusinikteme-berdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.