Прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады
Жарияланған күні:
Бүгін, елордалық сотта апелляциялық алқа Қайрат Боранбаевқа қатысты қылмыстық істі қарап жатыр. Сотта прокурор Қайрат Боранбаевты 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шілде айында бизнесменге қатысты 8 жылға бас бостандығынан айыру үкімі жойылып, апелляциялық сатыда Боранбаев процессуалдық келісім аясында кінәсін мойындағандықтан, айыптаушы тарап кәсіпкердің жаза мерзімін қысқартуды сұрады.
Бұл ретте прокурор Боранбаевты 6 жылға, Роман Нахановты 6 жылға, Тайыр Жанұзақты 5 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
"Жәбірленушілердің өкілдері кінәні мойындау туралы мәміле жасауға келісімдерін берді, Боранбаевқа, Нахановқа және Жанұзаққа шағымдары жоқ.
Аталған мән-жайларды ескере отырып, Қайрат Боранбаевты Қылмыстық кодекстің 28-бабының 5-бөлігі, 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп тануды (...) және Боранбаевқа 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұраймын", - деп мәлімдеді прокурор.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев биыл 31 наурызда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.
Сонымен қатар "АзияГазЧунджаның" тең құрылтайшысы Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.
Кейін Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен Роман Нахановақа және Тайыр Жанұзаққа қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036701-prokuror-qairat-boranbaevty-6-zyl-bas-bostandygynan-aiyrudy-surady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.