jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"Жауын-шашын, тұман": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

тұман
Тұман. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне (16-18 қыркүйек) арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алдағы күндері республиканың басым бөлігінде найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады.

Еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында бұршақ жаууы мүмкін.

Синоптиктер еліміздің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болады деп болжады.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады деп күтілуде.

Еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы түнде +2...+12 градус, күндіз +15...+23 градус болады.

Метеорологтардың болжамынша, еліміздің оңтүстігінде жылы күндер жалғасады. Мәселен, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында температура фоны түнде +10..+15 градус болса, таулы аймақтарда 0...+5 градус , күндіз +20...+28 градусқа дейін көтеріледі.

"Жауын-шашын, тұман": демалыс күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.