Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір мезетте бірнеше телеарна хабар таратуын уақытша тоқтатты

Опубликовано:

Пульт ұстап отырған ер адам
Пульт. Көрнекі фото: pexels.com

Жұма, 15 қыркүйекте Қазақстан кешкі уақытта бірқатар телеарна көрсетпей қалды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасы Telegram арнасында хабарлады.

"Спутниктік хабар тарату жүйесінде туындаған оқыс проблемаларға байланысты бірнеше телеарналардың эфир таратуында кедергілер туындады.

"Қазақстан" телерадиокорпорациясына қарасты "Qazaqstan", "Qazsport", "Balapan", "Abai tv" телеарналарын қазір онлайн және Qazaqstan.tv мобильді қосымша арқылы көре аласыздар", - делінген телеарна хабарламасында.

Жағдайға қатысты пікір білдірген "Қазтелерадио" спутниктегі штаттан тыс жағдайға байанысты кейбір телеарналар қолжетімсіз болып қалғанын хабарлады.

"Қазтелерадио" АҚ KazSat-3 Қазақстандық спутнигіндегі штаттан тыс жағдайға байланысты Қазақстандық және шетелдік телеарналардың бір бөлігі OtauTV пакеттерінде қолжетімсіз болып қалғанын хабарлайды. Қазіргі уақытта "Қазтелерадио" АҚ ғарыштық байланыс орталығымен бірлесіп, KazSat-3 жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізуде.

Бұл ретте KazSat-2 пайдаланатын мемлекеттік телеарналар штаттық режимде таратылады. Барлық 567 Радиотелевизиялық станция KazSat-2 резервтік спутнигінен телевизиялық арналарды қабылдайды және Қазақстан Республикасының барлық аумағына хабар таратады", - дедлінген "Қазтелерадио" АҚ баспасөз қызметінің хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036836-elimizde-birnese-telearna-xabar-taratuyn-uaqytsa-toqtatty/

pixel