Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында оқушылар мал бордақылайтын жерде білім алуға мәжбүр

Опубликовано:

Мектеп
Мектеп. Көрнекі фото: pixabay.com

Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Ынтымақ ауылындағы балақайлар соңғы 34 жыл бойы мектептің орнына бармайтын ғимаратта оқуға мәжбүр. Әбден тозығы жеткен нысанды мұғалімдер мен ауыл тұрғындары жылда жөндейді. Жергілікті жұрттың айтуынша, облыстағы жауапты шенеуніктер жағдайды білгенімен, бірнеше жылдан бері құр уәде берумен ғана келеді, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, Ынтымақ ауылында мал бордақылауға арналған кеңсені мектеп ретінде қолданып келеді екен. 34 жылда күрделі жөндеу көрмеген ғимараттың жауын жауса үстінен су өтеді. Ал, едендері шіріп жатыр. Көне ғимаратты мұғалімдер мен ата-аналар өздері жамаумен әзер ұстап отыр.

"Мынау желге ұшып кетеді, жамаймыз шиферінің бәрін. Жаңағы кісі айтып отыр ғой ағаштарының бәрін ауылда пайға бөлінген қоралар бар, солардың ағашын әкеп жабыстырдық. 23 рет желге ұшты. Мен өзім 19 жыл құрылысшымын, соны жамаудың бәрін осы жерде 56 ер мұғалім бар. Астында балабақша ашылды", - деді Ынтымақ ауылының тұрғыны Бақытбек Найзабаев.

Қазір мұнда 205 оқушы білім алады. Арнайы пән кабинеттері бұл білім ошағы үшін арман. Орын жетіспеген соң 10 мен 11 сынып оқушылары көрші ауылдарға барып оқиды. Мұғалімдер бөлмесі болмаған соң, 33 педагог дәлізде сығылысып отырып сабаққа дайындалады. Онсызда орын жетіспейтін мектепте қажетке жарар 10 кабинеттің бірін асхана міндетті болу керек деген соң биылдан бастап тамақтануға берген.

"Бір сынып комплектісінде 25 оқушы болатын болса бізде 25 бала сияқтын кабинетіміз жоқ қазір. Сол себепті оқушы саны 19-20 болған кезде 2-ге бөлінеді. Сонда бір класта 12 баладан отырады. Бөліп тастаймыз иә. Сол себепті қазір 2, 3, 4 сыныптар бәрі 2 сыныптан оқиды. Енді арнайы пән кабинеттері жоқ. Тек қана сабақ өтумен шектеледі. Ал дене шынықтыру күн жылы уақытта алаңымыз бар, спорт алаңы, сол жерде өтеді. Ал қыс уақытында шахмат, шашка, тоғызқұмалақ кабинетте өтеміз", - деді Сұлтан Ысқақов атындағы мектеп директорының орынбасары Берік Аспанов.

Мұғалімдер бірнеше жылдан бері ғимарат керек деп хат жазса, ата-аналар облыс әкімдеріне дейін барған екен. Сөйтіп, 2020 жылы 981 миллион теңгеге мектеп салмақ болған кезде, қаржы жоқ деп кері қайтарылыпты. Енді сол 200 орындық мектептің құны бір миллиард 642 миллион теңгеге дейін көтеріліп кетіпті. Облыстық ақжағалылар қолдап жіберсе биыл жаңа мектеп құрылысы басталмақ.

"Облыстық білім басқармасына тапсырылып, облыстық білім басқармасы арқылы құрылыс басқармасына ұсыныс жасалды. Осы алдағы қыркүйек айындағы облыс мәслихаттың сессиясына ұсынылуда. Егер облыс мәслихаттың сессиясымен қолдау тауып, қаржы қаралған жағдайда биылғы жылы басталып құрылысы, келесі жылмен жалғасып, келесі жылдың қыркүйек айына пайдалануға берілу жоспарлануда", - деді Ордабасы аудандық білім бөлімінің әдіскері Мұхитбек Сәрсенбеков.

3 жылда құрылыс құны екі есе өскен мектепті атқамінерлер қолдап жіберсе Ынтымақ ауылының оқушылары келер оқу жылын спорт зал, акт залы мен мұғалімдер бөлмесіне дейін бар жаңа мектепте қарсы алмақ.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036837-turkistan-oblysynda-oqusylar-mal-bordaqylaityn-zerde-bilim-aluga-mazbur/

pixel