Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр, найзағай, 28 градусқа дейін жылы": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Жаңбырлы күнде қолшатыр ұстаған ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктердің еліміздің ірі қалаларында бүгін, 16 қыркүйекте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, сенбідеАстанада көшпелі бұлт шығады, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Түнде және таңертең тұман күтіледі.

Елордада түнде +5...+7 градус жылы болса, күндіз ауа температурасы +16+18 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Бүгін Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде жаңбыр жауады. Ауа температурасы түнде +10...+12 градусты көрсетсе, күндіз термометр +20...22 градусқа дейін көтеріледі.

16 қыркүйекте Шымкентте көшпелі бұлт шыққанмен, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде +10...+12 градус шамасында, күндіз +26...+28 градус жылы болады деп күтілуде. Жел жымдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036844-zanbyr-naizagai-28-gradusqa-deiin-zyly-bugin-elimizdin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel