jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда телехабар тарату қашан қалпына келтірілетіні белгілі болды

Теледидар пульті. Көрнекі сурет
Теледидар пульті. Көрнекі сурет: Рixabay.com

Байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте, шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған. Бұл туралы ҚазАқпарат KazSat-3 компаниясының баспаcөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.

Агенттік мәліметінше, қазіргі кезде "Республикалық ғарыштық байланыс орталығы" АҚ ұлттық операторы ғарыш аппаратын жасаушы "М.Ф.Решетнев атындағы ақпараттық жерсерік жүйесі" АҚ-мен бірлесе сервистерді қалпына келтіру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Таратылған мәліметке қарағанда, байланыс және телеарна хабарын тарату операторларына қызмет көрсету сервисін қалпына келтіру 16 қыркүйекте шамамен сағат 12:00-ге жоспарланған.

"KazSat-3" ғарыш аппаратындағы бұл жағдайдың себебін анықтау бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Тексеріс нәтижесі бойынша аппаратты құрастырушы кәсіпорын қажет болған жағдайда спутниктің бағдарламалық жүйесін жетілдіру бағытында тиісті ұсыныстарды әзірлейді", - делінген хабарламада.

Қазақстанда телехабар тарату қашан қалпына келтірілетіні белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.