Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан имам үйлі болды (видео)

Опубликовано:

Нұрлан имам
Нұрлан имам. Скриншот: "Алғашқы" бағдарламасы

Осыдан біраз уақыт бұрын әлеуметтік желіде танымал имам, дін­тану­шы, теолог, психолог Нұрлан Байжі­гіт­ұлының жеке үйі жоғы жайлы ақпарат тараған болатын. Ал күні кеше Ләйлә Сұлтанқызы имамның жаңа қонысына барып, шашу шашты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы batyr_bloger Instagram парақшасында айтты.

"Нұрлан имамның үйіне шашу. Қоныс құтты болсын. Үйіңіз берекелі болсын", - деп жазды блогер.

Видеодан Ләйлә Сұлтанқызының Нұрлан имамның үйіне шашумен кіргенін көруге болады.

Желі қолданушылары Нұрлан имамның бұл жаңалығына қуанышты екенін жарыса жазды.

"Үйі жоқ деп еді, жақсы болған екен", "Қуанып отырмын. Берекелі үй болсын", "Шын жүректен құттықтаймын", "Керемет жаңалық", "Қоныс құтты болсын", "Өзім үй алғандай қуанып отырмын", - деп жазды желідегілер.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін желіде Нұрлан имамның үйі жоқтығы жайлы ақпарат тараған болатын. Кейінірек Нұрлан Байжі­гіт­ұлы әлеуметтік желіде өзіне қатысты тараған ақпаратқа пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036959-nurlan-imam-uili-boldy-video/

pixel