Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жаңбыр, бұршақ, жел": алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Тұман басқан қала
Тұман. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, 19-21 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері республиканың басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Мәселен, кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Кей жерлерде екпінді жел тұрып, бұршақ жауады. Елдің оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда қар (жылбысқы қар) аралас жаңбыр жаууы ықтимал.

Синопиктердің болжамынша, 20-21 қыркүйекте батыс антициклонынның әсерінен Қазақстанның батысы мен солтүстік-батысында жауын-шашынсыз, күн ашық болады.

Десе де, еліміздің батысында, солтүстігінде және орталығында түнгі және таңертеңгі уақыттарда тұман түсуі ықтимал.

Бұдан бөлек, батыс өңірлерде ауа температурасы түнде +5...+18 градус аралығында болса, күндіз +18...+28 градустан +20...+31 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Ал Қазақстанның солтүстік-батысында және солтүстігінде түнде ауа температурасы +3...+11 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Сондай-ақ топырақ бетінде үсік жүруі мүмкін. Дегенмен күндіз ауа температурасы +13...+25 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.

Мамандардың хабарлауынша, республиканың орталығында ауа температурасы түнде +2...+10 градусқа дейін төмендейді, күндіз +13...+21 градус аралығында жыл болады. Еліміздің шығысында ауа температурасы түнде +3... +11 градусқа, күндіз - +10...+18 градусқа дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында түнде ауа температурасы +8...+13 градусқа дейін, күндіз +15 +25 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыстағы таулы аймақтарда түнде -2 градусқа дейін суытып, күндіз термометр бағаны +5...+10 градусты көрсетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037037-tuman-qatty-zel-bursaq-aldagy-kunderi-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel