jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

Алматыда ер адам спортшыны өзіне күш қолданды деп айыптауда

Жанжал болған сәт
Жанжал болған сәт. Видеодан кадр: Telegram/Almaty_KRIS_P

Әлеуметтік желілерде бір ер адамның екінші ер адамды ұрып құлатқаны бейнеленген видео пайда болды. Шағымданушының айтуынша, шабуыл жасаған белгілі спортшы, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Оқиға туралы ақпарат Instagram желісіндегі krisp_almaty парақшасында жарияланды. Ондағы ақпаратқа сүйенсек, 6 қыркүйекте Алматыдағы "Атакент" сауда ойын-сауық орталығында екі отбасы арасында жанжал болған.

"Редакциямызға оқырмандарымыздың бірі жүгінді. Айтуынша, 6 қыркүйекте "Атакент" сауда ойын-сауық орталығында қызының туған күні болған, балалары сол жердегі ойын-сауық алаңында ойнаған", - делінген хабарламада.

Редакцияға жүгінген ер адамның сөзінше, бір кезде оған бір әйел келіп, балалары өзінің балаларын ренжіткенін айтып, шағымдана бастаған.

Бұған жауап ретінде ер адам бұл балалар екен, олар қазір ұрысып, бір-екі минуттан кейін қайта татуласып кететітінін айтқан.

"Осыдан кейін екі жігіт келіп, олардың бірі авторды (редакцияға болған жайтты баяндаушы ер адамды – ред.) бетінен жұдырығымен ұрған", - делінген желіде жарияланған жазбада.

Мәселенің анық-қанығын білу үшін NUR.KZ тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне жүгінді.

Құзырлы органның баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қыркүйекте Бостандық ауданының полиция басқармасына 1986 жылы туған азамат М. арызданған. Оның айтуынша, 1987 жылы туған азамат К. оған дене жарақатын салған.

Полицияның баспасөз қызметі бұл факт ӘҚБтК-нің 73-1-бабы 1-бөлігі бойынша тіркелгенін атап өтті.

"Азамат М. алған дене жарақатының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сараптамалық зерттеу қорытындысын алғаннан кейін материал шешім қабылдау үшін Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жіберіледі", - делінген қалалық ПД-ның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Алматыда ер адам спортшыны өзіне күш қолданды деп айыптауда

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.