Павлодарда әйелді жемпірімен тұншықтырып өлтірген ер адам сотталды
Жарияланған күні:
59 жастағы Павлодар тұрғынын өз жемпірімен тұншықтырып өлтірген. Кісі өлтіру оқиғасы жаздың басында болған. Айыпталушы жанжалды әйелдің өзі қызғаныштан бірінші бастағанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі сот залынан.
Кісі өлтіру оқиғасы 5 маусымда саяжайлардың бірінің аумағында болған. Сотталушының айғақтарына сәйкес, ол 59 жастағы әйелмен бірге оның саяжайында болған. Ер адамның оған деген ниеті бар екен деп ойлап қалған әйелдің арасында жанжал туындаған.
Оның саяжайға көптен бері келмей кеткендігін айтып шағым жасап, әйел бірінші болып қол көтерген. Осымен жанжал біткен сыңайлы, бірақ кейін айыпталушы павлодарлық келіншекті оның жемпірімен тұншықтырып өлтірген.
Марқұмның қызының айтуынша, анасы 15 жыл жалғыз тұрған. Жұбайы қайтыс болғаннан кейін ол ешкіммен кездеспеген. Евгения Рымар анасының күдіктіні танитындығына сенбейді.
"Менің ойымша, ол оны тонау үшін бақылап жүрген, себебі пәтер кілттерін ұрлап кеткен. Оның айтуынша, олардың таныс болғандығына дәлел жоқ. Бәрі өтірік, оны бұрын соңды ешкім көрген емес. Үй жақтағы көршілер де, саяжайдағы көршілер көрген жоқ. Мен бұл туралы білмедім", - деді марқұмның қызы.
Сотта қылмыстық іс ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) және 188-бабы (Ұрлық) бойынша қаралды. Ер адам өзінің құрбанының құнды заттарын ұрлап әкеткен. Ол сотта кінәсін толық мойындады.
Сот 59 жастағы ер адамның бұған дейін екі рет сотталғанын атап өтті. Сот үкімімен ол 11 жылға бас бостандығынан айырылды. Одан бөлек, сотталушы марқұмның қызына 5 млн теңге төлеуге міндеттелді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037254-pavlodarda-aieldi-zempirimen-tunsyqtyryp-oltirgen-er-adam-sottaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.