Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бас прокуратурада Самат Әбіштің қазір қайда екенін айтты

Жарияланған күні:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы
Қылмыстық іс бойынша құжаттар бумасы. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бас прокуратура ресми өкілінің айтуынша, Самат Әбіш қазір Қазақстанда. Тергеу шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Самат Әбіш Қазақстанда, ол ешқайда кетпейтіні туралы қолхат берді. Ол қазір тергелуде", – деді Бас прокуратураның ресми өкілі Дархан Дүйсембай.

Бұған дейін Бас прокуратура Самат Әбішке қаңтар оқиғасы кезінде билігін және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатқаны хабарланған еді.

Бұл ретте кеше Ұлттық қауіпсіздік комитеті 5-ші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақов қаңтар оқиғасына қатысты алдын ала тыңдау кезінде Самат Әбіштің тапсырмасын орындап жүргенін мәлімдеген, бірақ бір жылдан кейін жауап алу кезінде оның айғақтары құпия деп танылған болатын.

2022 жылдың 17 қаңтарында Самат Әбіш Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037260-bas-prokuraturada-samat-abistin-qazir-qaida-ekenin-aitty/