Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ІІМ Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыс туралы қауесетке пікір білдірді

Жарияланған күні:

Жол бойындағы әскери техника
Жол бойындағы әскери техника. Желіде тараған видеодан кадр: YouTube /БАСЕ

Әлеуметтік желілерде Қазақстан мен Ресей шекарашылары арасындағы қақтығыстың салдары сипатталған видео тарауда. Бұған қатысты еліміздің Ішкі істер министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды Stopfake.kz сайты.

Порталдың жазуынша, желіде тараған видеода әскери киімдегі адамдар және әскери техника көрсетілген.

Ал кадр сыртындағы дауыстың айтуынша, қақтығыс Қостанай облысында болған, қазір онда техника тартылып жатыр.

Бұған қатысты пікір білдірген ІІМ мәліметінше, мұның бәрі жалған.

"Қазақстан Республикасының ІІМ Қостанай облысындағы шекарадағы арандату туралы әлеуметтік желілерде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын және жалған болып табылатынын хабарлайды.

Видеода биыл 8 қыркүйекте Қостанай қаласы аумағында өткен жоспарлы далалық сабақтарға бара жатқан ҚР ІІМ Ұлттық ұлан автокөлігінің колоннасы көрсетілген. Көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037285-qazaqstan-men-resei-sekarasylary-arasyndagy-qaqtygys-turaly-aqparatqa-iim-pikir-bildirdi/