Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғарда дәрігер мен мейіргер соққыға жығылды: полицейлер екі күдіктіні ұстады

Опубликовано:

Медицина қызметкерлері
Медицина қызметкерлері. Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

19 қыркүйек күні Алматы облысының полицейлері Талғар орталық аудандық ауруханасында медицина қызметкерлерін ұрды деген күдікпен екі ер адамды ұстады. Бұл туралы Алматы облысының полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Құқық қорғау органдарының хабарлауынша, 19 қыркүйек күні сағат 10:35-те Талғар аудандық бөлімшесінің кезекші бөліміне Талғар орталық аудандық ауруханасында 27 жастағы реаниматолог пен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз адамдар соққыға жыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған факті Қылмыстық кодекстің 106-бабының 2-бөлігі бойынша аудандық сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, жедел іздестіру іс-шаралары барысында Талғар полиция департаментінің полицейлері 1987 жылы туған Ш. есімді азамат пен 1994 жылғы Н. есімді азаматты анықтап, ұстады.

Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті түрде зерделеу үшін сараптама тағайындалып, жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді Алматы облысы полиция департаментінің басшысы Бауыржан Әленов.

Сондай-ақ полицейлер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Талғар орталық аудандық ауруханасында көз жұмған науқастардың бірінің ұлдары медициналық өлім туралы анықтаманың ресми тіркелуін күтпей жансақтау бөліміне кіріп, дәрігер мен мейіргерді ұрып-соққанын мәлімдеген болатын. Олар марқұмның денесін ұрлап, оны аурухана аумағынан каталкада алып шыққан.

Анастезиолог-реаниматолог жабық бассүйек-ми жарақатын, бас миының контузиясын алған, медицина қызметкерінде көптеген гематомалар пайда болып, түрлі жеңіл дене жарақатын алған.

Мейіргер жабық бассүйек-ми жарақаты, бас миының контузиясы, сол жақта самай аймағының жұмсақ тіндерінің контузиясы, фрагменттердің ығысуымен мұрын сүйектерінің жабық сынуы диагнозы қойылды.

Денсаулық сақтау министрлігі жағдайға қатысты жауап берді - ведомствода қызметтік міндетін атқару кезінде медицина қызметкерлеріне жасалған зорлық-зомбылық әрекет заң бұзушылыққа жататынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037320-talgar-audanynda-dariger-men-medbike-soqqyga-zygyldy-policeiler-eki-kudiktini-ustady/

pixel