Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда жаңбыр жауды: коммуналдық қызметкерлер күшейтілген режимде жұмыс істеуде (фото)

Опубликовано:

Алматы қаласының коммуналдық қызметкерлері. Фото
Алматы қаласының коммуналдық қызметкерлері. Фото: t.me/almaty_akimat

Алматыда бүгін жауын-шашынды. Мегаполис көшелерін су басып қалмас үшін коммуналдық кәсіпорындардың жұмысшылары таңертеңнен күшейтілген режимде жұмыс істей бастады, деп хабарлайды қала әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Бүгін, 20 қыркүйекте Алматыда сағат 07.00-ден бастап жаңбыр жаууда, синоптиктердің болжауынша, нөсер түске дейін жалғасады. Таңғы сағат 10.00-дегі жағдай бойынша қалада 9 мм, Камен үстірті аймағында 14 мм жауын-шашын түсті.

Су тасқынының алдын алу және жою үшін 45 патрульдік бригада, 165 арнайы техника, 24 мотопомпа және 820 жұмысшы жұмылдырылған. 1750 құм салынған қап дайындалды.

Төтенше жағдай бойынша кезекшінің мәліметіне сүйенсек, Бостандық ауданы, Вахтангов көшесі, 5 мекенжайында жеке сектордың аумағын су басқан.

"Алматы Тазалық" МКК күштері арық өткелін құлаған бұтақтан тазартып, су тасқынын жойды. Аудан әкімдіктері жұмыс барысын бақылайтын кезекшілік ұйымдастырды.

"Қазгидромет" РМК сайтындағы ауа райы болжамына сәйкес, бүгін Алматыда жаңбыр жауады. Жел секундына 3-8 метрге дейін күшейіп, екпіні 13 м/с жетеді деп болжанады. Күндіз +15...+17 градус, түнде +9...+11 градус жылы болуы мүмкін.

Сондай-ақ бүгін құтқарушылар дауылды ескертуге байланысты мегаполис тұрғындарына үндеу жасады. Оңтүстік астананың төтенше жағдайлар департаменті Алматының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді деп хабарлады.

Осыған байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай кеңестер берді:

  • қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту жарияланғанда таулы аймаққа сапарды кейінге қалдырып, күткен дұрыс;
  • егер сіз тауға барсаңыз, үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз - қайту жолын таба алмауыңыз мүмкін;
  • рюкзактарда жылы киімдер, төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған саяхат қобдишасы болуы керек және GPS навигаторларының болуы артық болмайды;
  • тауға жалғыз бармаңыз;
  • отбасыңыз бен достарыңызға тау бағыты мен ықтимал орналасқан жеріңіз туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі хабарлаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037368-almatyda-zanbyr-zaudy-kommunaldyq-qyzmetkerler-kuseitilgen-rezimde-zumys-isteude-foto/

pixel