jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

Құтқарушылар Алматы қаласы мен екі облыс тұрғындарына ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы
Қолайсыз ауа райы: pixabay.com

Бүгін, 20 қыркүйекте жарияланған дауылдық ескертуге байланысты құтқарушылар Қазақстанның үш өңірі - Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысының тұрғындарына үндеу жасады.

"Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлауынша, сәрсенбі, 20 қыркүйекте Алматы облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетеді.

Облыс орталығы – Қонаев қаласында желдің екпіні 17-22 м/с күшейеді деп күтілуде.

Сондай-ақ қатты жаңбырға байланысты Жетісу облысының шығысы мен орталығында дауылдық ескерту жарияланды, таулы аймақтарда жаңбырдан басқа найзағай ойнап, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23-28 м/с болады.

"Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ауа райының өзгеруін қадағалап, сақтық шараларын сақтауға шақырады. Өңіріңіздегі дауылды ескерту және басқа да төтенше ақпараттар туралы ақпаратты жылдам алу үшін "Дәрмен" мобильді қосымшасын тегін жүктеп алуға болады", - делінген облыс тұрғындарына арнаған ведомствоның хабарламасында.

Алматылықтарға да ауа райының қолайсыздығы ескертілді.

Оңтүстік астананың Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, бүгін Алматының тауларында қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде желдің екпіні 17-22 м/с жетуі мүмкін.

Құтқарушылар ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы тұрғындары мен қонақтарына мынадай кеңестер берді:

  • қатты жауын-шашын (қар, жаңбыр) немесе қатты жел туралы дауылды ескерту жарияланғанда таулы аймаққа сапарды кейінге қалдырып, күткен дұрыс;
  • егер сіз тауға барсаңыз, үйге қайтуды кешке қалдырмаңыз - қайту жолын таба алмауыңыз мүмкін;
  • рюкзактарда жылы киімдер, төтенше жағдай кезінде алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған саяхат қобдишасы болуы керек және GPS навигаторларының болуы артық болмайды;
  • тауға жалғыз бармаңыз;
  • отбасыңыз бен достарыңызға тау бағыты мен ықтимал орналасқан жеріңіз туралы мүмкіндігінше егжей-тегжейлі хабарлаңыз.
Құтқарушылар Алматы қаласы мен екі облыс тұрғындарына ескерту жасады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.