Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбеде үш адамды өлтірді деген күдікпен 24 жыл іздеуде жүрген ресейлік азамат ұсталды

Жарияланған күні:

Күдіктіні ұстау сәтінен.
Күдіктіні ұстау сәтінен. Фото: t.me/POLICE_of_KZ/10192

Ақтөбеде 24 жыл бойы іздеуде жүрген 56 жастағы Ресей азаматы ұсталды, деп хабарлайды Telegram-дағы ІІМ ресми жаңалықтар арнасы.

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері үш адамды өлтірді және қарақшылық шабуыл жасады деген күдікпен өз елінде іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 56 жастағы азаматын ұстаған.

Ведомство ақпаратынша, ер адам 1999 жылдың күзінде Орынбор қаласында үш адаммен (бұрын ұсталған және сотталған) алдын ала сөз байласып, қаржылай пайда табу мақсатында қарақшылық шабуыл жасап, 3 азаматты өлтірді және қылмыс ізін жасыру үшін сөз байласқан адамдарымен бірге олардың денелерін өртеп, көміп тастады деп күдіктелуде.

Қазіргі уақытта ұсталған адам тергеу изоляторына қамалған. Оны Ресей Федерациясына экстрадициялау мәселесі шешілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2037407-aqtobede-us-adamdy-oltirdi-degen-kudikpen-24-zyl-izdeude-zurgen-reseilik-azamat-ustaldy/