Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтерде қалыңыздар": Алматы ТЖД тұрғындарға үндеу жасады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған екі ер адам
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы Төтенше жағдайлар департаменті жұма, 22 қыркүйекте қалада қатты жаңбыр жауатын ескертті, деп хабарлайды ведомство ресми сайтында.

"Қазгидрометтің" Алматыда қатты жауын-шашын туралы дауылдық ескертуіне байланысты ТЖД төменде көрсетілген қауіпсіз ережелеріне назар аударуды сұрайды", - делінген хабарламада.

Ведомство қолайсыз ауа райы кезінде автомобильдің жылдамдығын төмендетуді, авариялық шамдарды қосуды немесе қатты жаңбырдың басылғанын күтуді, мүмкіндігінше пәтерде немесе жұмыста қалуды ұсынады.

Сондай-ақ ТЖД жеке тұрғын үйлердің иелеріне жаңбыр суын және басқа да дренаждық жүйелерді нөсер су ағынын бұруға дайындау шараларды қабылдауға кеңес береді.

 Егер жаңбыр жауған кезде сіз сыртта болсаңыз:

  • электр желілерінің тұтастығына назар аударыңыз;
  • әлсіз нығайтылған құрылымдардың астында тұрмаңыз - олардың опырылып түсуі  адамдардың жарақат алуына әкелуі мүмкін;
  • су тасқыны деңгейінен жоғары ғимараттарды паналауға тырысыңыз;
  • жаяу жүргіншілер де абай болу керек, жаңбыр кезінде көрінбейтініңізді ұмытпаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037560-paterde-qalynyzdar-almaty-tzd-turgyndarga-undeu-zasady/

pixel