Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҰБТ – 2024: кейбір пәндер бойынша шекті бал өзгерді

Жарияланған күні:

Емтихан тапсырып отырған талапкер
Емтихан тапсырып отырған талапкер. Көрнекі фото: pixabay.com

2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде кейбір пәндер бойынша шекті бал өзгерді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы ресми сайтында хабарлады.

Келесі жылы да талапкерлер ҰБТ-ны әдеттегідей 5 пән бойынша тапсырады. Алайда бұған дейін талапкер әр пәннен кемінде 5 балл жинауы керек болса, бүгінде бұл ережеге аздаған өзгеріс енгізіліп отыр.

Енді үміткер "Математикалық сауаттылық" пен "Оқу сауатталығы" пәні бойынша 3 балл жинауға тиіс.

2024 жылғы ҰБТ форматы мынадай:

  • Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл  – 3;
  • Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл  – 3;
  • Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
  • 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
  • 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы ҰБТ-да болатын болатын өзгерістер туралы мәлімдеген еді.

Оның сөзінше, ҰБТ-дағы тапсырмалар саны 120 сұрақ болып өзгеріссіз қалады. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.

Дегенмен, тест тапсыру уақыты қысқарады. Алдағы уақытта талапкерлерге тестілеуден өту үшін 4 сағаттың орнына 3,5 сағат беріледі.

Оған қоса шығармашылық бағытын таңдаған талапкерлер "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәнінен бөлек, "Математикалық сауаттылық" пәнін де тест тапсыруға міндетті болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037722-ubt-2024-zyl-keibir-pander-boiynsa-sekti-bal-ozgerdi/