ҰБТ – 2024: кейбір пәндер бойынша шекті бал өзгерді
Жарияланған күні:
2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуде кейбір пәндер бойынша шекті бал өзгерді. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы ресми сайтында хабарлады.
Келесі жылы да талапкерлер ҰБТ-ны әдеттегідей 5 пән бойынша тапсырады. Алайда бұған дейін талапкер әр пәннен кемінде 5 балл жинауы керек болса, бүгінде бұл ережеге аздаған өзгеріс енгізіліп отыр.
Енді үміткер "Математикалық сауаттылық" пен "Оқу сауатталығы" пәні бойынша 3 балл жинауға тиіс.
2024 жылғы ҰБТ форматы мынадай:
- Математикалық сауаттылық – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Оқу сауатталығы – 10 тапсырма, шекті балл – 3;
- Қазақстан тарихы – 20 тапсырма, шекті балл – 5;
- 1 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5;
- 2 бейіндік пән – 40 тапсырма, 50 балл, шекті балл – 5.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек 2024 жылы ҰБТ-да болатын болатын өзгерістер туралы мәлімдеген еді.
Оның сөзінше, ҰБТ-дағы тапсырмалар саны 120 сұрақ болып өзгеріссіз қалады. Жоғары балл – 140, ол да өзгеріссіз қалды.
Дегенмен, тест тапсыру уақыты қысқарады. Алдағы уақытта талапкерлерге тестілеуден өту үшін 4 сағаттың орнына 3,5 сағат беріледі.
Оған қоса шығармашылық бағытын таңдаған талапкерлер "Қазақстан тарихы" мен "Оқу сауаттылығы" пәнінен бөлек, "Математикалық сауаттылық" пәнін де тест тапсыруға міндетті болады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/society/2037722-ubt-2024-zyl-keibir-pander-boiynsa-sekti-bal-ozgerdi/