Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавлда кішкентай қызын "терезеден лақтырамын" деп қорқытқан ер адам сот алдына келді

Опубликовано:

таразы
Таразы. Көрнекі фото: pixabay.com

Петропавлда әйелімен жанжал кезінде кішкентай қызын терезеден лақтыратынын айтып, қорқытқан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Енді ол 120 сағат қоғамдық жұмысқа атқарады, деп хабарлайды Қазақпарат.

Петропавл қалалық сотының мәліметіне сүйенген агенттіктің жазуынша, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 115-бабы "Қорқыту" бойынша қаралған.

Оқиға 20 қыркүйек күні сағат 17.00 шамасында болған. Ш. есімді азамат мас күйінде бесінші қабаттағы пәтерінің терезесінен нәрестені лақтыратынын айтып, қорқытқан. Оған әйелмен арадағы жанжал себеп болған. 

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, құтқарушылар жетіп, ер адамды ұстаған.

Сотта ер адам кінәсін мойындап, істеген ісіне өкініш білдірген. Сот мұны есепке алғанымен, қылмыстық теріс қылықты мас күйде жасағанын айыпты ауырлататын жағдай деп есептеген.

Петропавл қалалық сотының үкімімен айыпталушы 120 сағат қоғамдық жұмысқа атқаруға міндеттелген. Бұл ер адамға Қылмыстық кодекстің 115-бабының санкциясы бойынша тағайындалған ең жоғарғы жаза.

Сондай-ақ басылым одан зардап шеккендер қорына 5 АЕК мөлшерінде өндіріп алынатынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2037872-petropavlda-kiskentai-qyzyn-terezeden-laqtyramyn-dep-qorqytqan-er-adam-sot-aldyna-keldi/

pixel