Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Рельстерді иіскеп, түледі": желіде бастауыш сынып оқулығының мәтіні қызу талқыға түсті

Опубликовано:

Сабақ оқып отырған бала
Сабақ оқып отырған бала. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде 3-сыныпқа арналған "Литературное чтение" оқулығынан алынған түсініксіз мәтінді дауыстап оқыған әйелдің видеосы пайда болды. Жағдайға қатысты Оқу-ағарту министрлігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Видео Instagram-дағы qazaqstan_live парақшасында жарияланды.

Видео авторы "Литературное чтение" оқулығы бойынша "Весной" әңгімесіндегі "Көктемгі түйе рельстерді иіскеп, түледі", - деген сөйлемді дауыстап оқыған.

"Бүгінгі мәтіндер осындай...", - дейді кадр сыртында мәтінді дауыстап оқыған әйел. Ол сөздерді бірнеше рет қайталап оқып, 3-сынып оқулығына мұндай нәрсені қалай жазуға болады деп таңғалды.

Пікір жазғандардың көбі оқулықтағы мәтіннің мазмұнына наразы болды.

"Бұл - біздегі білім. Оқу-ағарту министрлігі қайда қарап отыр? Бәрі рельс иіскеп жүр ме? Маусымдық түйелер бола ма? , – деп жазды желі қолданушылары.

Дегенмен кей пікір қалдырушылар бұл кеңестік жазушының әңгімесі екенін және көркем мәтінде таңқаларлық ештеңе жоқ екенін атап өтті.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл әңгіменің авторы Геннадий Снегирев. Ведомство бұл мәтін осыған дейін шыққан әдебиет оқулықтарына да енгізілгенін атап өтті.

"Баспада ұсынылған Геннадий Снегиревтің "Весной" әңгімесінен үзінді "Алматы кітап" баспасы әзірлеген жалпы білім беретін мектептердің 3-сынып оқушыларына арналған "Литературное чтение" оқулығынан алынды. (авторлары Н.В.Регель, О.И. Труханова, Е.В.Богатырева, Р.А.Бучин, Е.Е.Штукина)

Бұл әңгіме бұрын 2002 және 2009 жылдары шыққан оқулықтарда да болған. Оқулық соңғы рет 2017 жылы Мемлекеттік білім стандартының талаптарына және орыс тілінде оқытатын мектептерге арналған бастауыш білім беру деңгейінің 2-4-сыныптарына арналған "Орыс тілі мен әдебиеті" пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 8 сәуірдегі No 266 бұйрығымен бекітілген. Бұл туынды "Живая природа" бөлімінде оқыталады", - деп жауап берді ведомстодан.

Министрлік 2018 жылы үлгілік оқу жоспарының мазмұнына өзгерістер енгізілгені (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 10 мамырдағы No 199 бұйрығы), 3-сыныпқа арналған базалық мазмұнда Геннадий Снегиревтің әңгімелері таңдау бойынша оқуға ұсынылғанын атап өтті.

"Қазіргі уақытта типтік оқу бағдарламасына түзетулер енгізіліп, оқулық қайта басылып шығады", - деп қосты ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038016-relsterdi-iiskep-tuledi-zelide-bastauys-synyp-oqulygynyn-matini-qyzu-talqyga-tusti/