jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Жел
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанда 25-28 қыркүйек аралығында жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел тұруы мүмкін. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжауынща, алдағы күндері еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа райы құбылмалы болмақ. Атап айтқанда, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы ықтимал.

Бұл ретте Қазақстанның батысында күн ашық болады деп күтіледі. Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда тұман түседі деп болжанады.

Шығыста түнгі уақытта 1-3 градус үсік сақталады. Ал ауа температурасында айтарлықтай өзгеріс күтілмейді.

Найзағай, жаңбыр, жел: алдағы күндері елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.