Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада оқушы баспалдақтан құлап кетті: балалар омбудсмені қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді

Жарияланған күні:

Читать на русском
Мектеп оқушылары
Мектеп оқушылары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астана мектептерінің бірінде бала баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алды. Факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева Facebook-тегі ресми парақшасында хабарлады.

Балалар омбудсменінің айтуынша, тәртіп сақшылары мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғаған.

"Мектеп басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Мектептің оқу жылына дайындық сапасы тексерілуде", - деп жазды Динара Зәкиева.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева зардап шеккен баланың жағдайына да тоқталды.

"Мен баланың анасымен байланыстамын. Баланың жағдайы қазір орташа ауыр, динамикасы жақсарған. Ойы - анық. Сұрақтарға жауап береді, нұсқауларды орындайды. Қарашықтары тең, фотореакция сақталған", - деді балалар омбудсмені.

NUR.KZ тілшісі пікір алу үшін Астана қаласы полиция департаментіне хабарласты. Департамент ақпарат кейінірек берілетінін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін астаналық мектептердің бірінде оқитын оқушының баспалдақтан құлап, ауыр жарақат алғаны хабарланған болатын.

Кейін Астананың қоғамдық денсаулық сақтау департаменті мектептегі баспалдақтан құлаған баланың жағдайы қалай екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038025-elordada-oqusy-baspaldaqtan-qulap-ketti-balalar-ombudsmeni-qylmystyq-is-qozgalganyn-malimdedi/