Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екібастұзда сынақ кезінде құбыр жарылды: оқыс жағдай жылу беру маусымына әсер ете ме

Опубликовано:

Жылу батареясы
Жылу батареясы. Көрнекі сурет: pixabay.com

Ведомствода өткен брифингте Энергетика вице-министрі Ерлан Ақкенженов Екібастұз бен Риддер қалаларының жылу беру маусымына дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Ерлан Ақкенженовтен Екібастұзда сынақтан өткізу кезінде құбыр жарылғанын айтып, бұның жылу беру маусымына қаншалықты әсер ететінін сұрады.

"Әріптестерімнің, энергетиктердің сөзіне қарағанда, бұл қалаларда жылу маусымы уақытында іске қосылуы керек. Шынымды айтсам, мен энергетик емеспін. Мен энергетика саласындағы әріптестерім халықты жылумен қамтамасыз ету үшін барлығын жасап жатқанын білемін", - деп жауап берді ол.

Бұл ретте ол жылу электр орталығын әлеуметтік мазутпен қамтамасыз ету туралы айтты.

"Бүгінгі күні 115 мың теңге бағамен 263 мың тонна арзандатылған мазут алу жоспарлануда. Біз бұл мазутты аймақтарға бөлу кестесін бекіттік. Әкімдіктермен жұмыс жүргізіліп, қазір сатып алу жұмыстары жүріп жатыр. Жұмыс аяқталып қалды, жылыту маусымына дайындалуда.

Мазутпен жылытылатын жылу электр орталықтары мен қалалар маусымға дайын болады. Риддер ЖЭО-да қазір мазут қоры 180 мың тоннаны құрайды, бұл қазандықтарды іске қосу жұмыстарын жүргізуге жеткілікті. Қалған көмір 8 мың тонна, бір қазандық режимінде 30 күнге жетеді. "Қаражыра" АҚ-мен келісімшарт жасалды", - деді Ерлан Ақкенженов.

Естеріңізге сала кетейік, бірнеше күн бұрын Екібастұзда гидравликалық сынақтар кезінде құбырлар жарылған болатын, ыстық су жеке сектордағы бірнеше ауланы басып қалған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038061-ekibastuzda-synaq-kezinde-qubyr-zaryldy-oqys-zagdai-zylu-beru-mausymyna-aser-ete-me/

pixel