Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері ұсталды

Опубликовано:

Ақша және кісен
Ақша және кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Атырауда жер қатынастары, сәулет және қала әкімі аппараты бөлімдерінің бұрынғы басшылары қамауға алынды, деп хабарлайды аймақ прокуратурасының ресми сайты.

Қамауға алынғандар жер учаскелерін бөлу және олардың нысаналы мақсатын анықтау кезіндегі алаяқтық әрекеттері үшін күдіктенуде.

Прокуратура бұл фактіні Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (аса ірі мөлшерде жасалған алаяқтық) және 361-бабы (лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану) бойынша тіркеді. Облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде.

"Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесінде өзге ақпарат жария етілуге жатпайды", - деп атап өтті қадағалау органында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038129-atyrau-akimdiginin-buryngy-qyzmetkerleri-ustaldy/

pixel