Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қылмыстық іс қозғалды": мал баққан түркістандық жетім қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты жаңа дерек шықты

Опубликовано:

Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер
Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер. Скриншот: "Көреміз" бағдарламасы

Түркістан облысында Назгүл мен Құндыз Сұлтанбек есімді екі жетім қыз ұзақ жылдар бойы мал баққан. "Көреміз" бағдарламасының жүргізушісі Руслан Өтепбай 1991 және 1996 жылғы қос қыздың ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тележүргізуші Instagram парақшасында екі қыздың туған ағасы мен жеңгесінің үстінен қылмыстық іс қозғалғанын және олардың оқыс жағдайда қайтыс болған інісінің өліміне қатысты дәлелдер жиналып жатқанын жеткізді.

"Ардақты ағайын, Назгүл мен Құндызды Алматыға алып келдік. Үш аптадан бері қыздар ем-дом қабылдап жатыр. Апалы-сіңлілілер кешенді ем қабылдау үшін медициналық орталықтың жанынан пәтер жалдадық. Сонымен қатар олардың тамағын әзірлеп, жуындырып, киімдерін тазалау үшін күтуші жалдадық. Қыздар 3 ай бойы емді Алматы қаласындағы орталықта қабылдайды.

Айта кетейін, қыздардың ағасы мен жеңгесіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар олардың оқыс жағдайда қайтыс болған інісінің өлімі қалай орын алғанын анықтау үшін тілшілер дәлел жинауда. Таяуда ашылмаған басқа да жайттарды эфирде айтамыз. Ал әзірге басты мақсат - қыздардың денсаулығын ретке келтіру", - деп жазды Руслан Өтепбай.

Естеріңізге сала кетейік, Түркістан облысында Назгүл мен Құндыз Сұлтанбек есімді екі жетім қыздың ұзақ жылдар бойы мал баққаны анықталды. "Көреміз" бағдарламасында 1991 және 1996 жылғы қос қыз жайлы айтқан сыныптастарына қайырымдылық қоры Меккеге жолдама мен пәтер сыйға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038174-turkistan-oblysynda-mal-baqqan-zetim-qyzdardyn-agasy-men-zengesinin-ustinen-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel