Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында жетім қыздарды мал бағып жүрген жерінен тапқан сыныптасына үй берілді (фото, видео)

Опубликовано:

Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер
Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер. Скриншот: "Көреміз" бағдарламасы

Түркістан облысында Назгүл мен Құндыз Сұлтанбек есімді екі жетім қыз ұзақ жылдар бойы мал баққан. "Көреміз" бағдарламасында 1991 және 1996 жылғы қос қыз жайлы айтқан сыныптастарына қайырымдылық қоры Меккеге жолдама мен пәтер сыйға тартты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Көреміз" бағдарламасында Гүлсімжан Әділжанова мен Айша Мұстафина есімді екі келіншек сыныптастары жайлы айтты.

"Ақшасын алу маңыздырақ болды, бұларды адам ретінде көрген жоқпын" деп айтыңыз. Сіздің есігіңіздің алдындағы ит бақытты. Өткенде көрдім. Ит уақытылы тамақ ішіп, сүйек мүжіп жатыр. Ал екі қыздың тамағын нан, қара су қылып қойғансыз. Ішетін су көгеріп кеткен. Келіншегіңіз екеуіңіз неге ішіп көрмедіңіздер? Іштері көгеріп кеткен. Үйді түгел араладым, макарон тұр, оны қуыратын не май, не газ жоқ", - дейді қыздардың бірінің сыныптасы Айша Мұстафина.

Ал Назгүл мен Құндыздың мал бағып жүргенін алғаш болып сыныптасы Пернебек көріп, хабарлаған.

"Шынымды айтсам, танымай қалдым. Сүйек боп қалған. Арқасы бүкірейген. Олар мектеп кезінде ондай емес еді. Түрі әдемі, сабаққа барып-келетін қыздар еді. Үстерінің бәрі жара, шаштарын қысқа етіп, алып тастаған. Малды да, итті де олай қорламаймыз ғой", - деген болатын сыныптасы Гүлсімжан Әділжан.

Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер
Назгүл мен Құндыз Сұлтанбектер. Скриншот: "Көреміз" бағдарламасы

Қоғамда шу көтерілгеннен кейін Назгүл мен Құндызды Тараз қаласындағы көпбалалы ана Зүлфия Төленованың қолына көшті.

Айта кетейік "Елге көмек" қайырымдылық қоры қос қызға Алматы облысы Қарасай ауданы Кемертоған ауылынан екі қабатты үй сыйлаған болатын.

Осыдан кейін көпшіліктің айтуымен аталмыш қайырымдылық қоры қыздар жайлы бағдарламаға хабарлап, жанұшыра көмектескен сыныптастары Гүлсімжан мен Айшаға Меккеге жолдама берілді.

Сонымен қатар екі қызды алғаш көрген сыныптасы Пернебекке пәтер берілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2036745-turkistan-oblysyndagy-mal-baqqan-zetim-qyzdardy-tapqan-synyptasyna-ui-berildifoto-video/

pixel