jitsu gif

Қазақстанда ЖСН деректері жалпыға қолжетімді болған жағдайда оны ауыстыруға бола ма

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстан азаматының ЖСН деректері тарап кетіп, жалпыға қолжетімді болған жағдайда оны ауыстыруға бола ма? Бұл сұраққа мәжіліс кулуарында Цифрлық даму министрлігіне қарасты Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің басшысы Руслан Әбдіқалықов жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Руслан Әбдіқалықовтың айтуынша, қазақстандық заңнама аясында ЖСН ауыстыру мүмкіндігі қарастырылмаған. Оның пікірінше, ЖСН өзгертудің еш мәні жоқ.

"ЖСН, телефон нөмірін, банк картасын өзгертуге тырысудың еш мәні жоқ деп айтар едім. Өзгерткеннен кейін қайтадан деректердің тарап кетпесіне кім кепіл? Бәлкім, бұл мәселеге сын көзбен қарап, дайын болу жеткілікті шығар", - дейді Руслан Әдбіқалықов.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте еліміздегі ақпараттық қауіпсіздікке қатысты заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданған еді.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.