jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖТ
Жұлдыз Тілебалды
Бұрынғы қызметкер

"Оператор РОП" ісі: Бас прокуратура Әлия Назарбаеваға қатысты өтініш туралы айтты

Әлия Назарбаева
Әлия Назарбаева. Фото: instagram.com/aliya_nazarbayeva_official

Мәжіліс кулуарында Бас прокурордың орынбасары Әсет Чиндалиев Әлия Назарбаеваға қатысты қадағалау органына өтініш түскен-түспегенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Журналистер "Оператор РОП-тың" және нақтырақ айтсақ, Әлия Назарбаеваға қатысты сұрақ қойды.

"Мен өтінішті көрген жоқпын. Мен сізге айттым: егер қандай да бір қылмыс құрамы болса, қандай да бір ақпарат болса, қылмыстық қудалау туралы шешімді қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын тиісті мемлекеттік органдар қабылдауы тиіс", – деді ол.

Оның айтуынша, шешімді Антикор, Экономикалық тергеу қызметі немесе Ішкі істер министрлігі қабылдай алады.

"Егер ақпарат келіп, қандай да бір дәлелдер болса, олар шешім қабылдауы керек, әзірге менде ондай ақпарат жоқ", - деп түйіндеді Әсет Чиндалиев.

"Оператор РОП" ісі: Бас прокуратура Әлия Назарбаеваға қатысты өтініш туралы айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.