Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысындағы зауыттан 10 тоннадан астам дизель ұрланған

Опубликовано:

Бөшкелер
Тәркіленген бөшкелер. Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысы Жаңатаста 10 тоннадан астам дизель отынын ұрлаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми сайтында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Жаңатас қаласындағы "Қазфосфат" ЖШС зауытынан ұзақ уақыт бойы дизель отынын ұрлаумен айналысқан қылмыстық топтың әрекетi анықталып, тосқауыл қойылды.

Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі 1-тармағымен "Ірі мөлшерде жасалған ұрлық" сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ұрлықты ұйымдастырушы Түркістан облысының 34 жастағы тұрғыны екені белгілі болды. Зауыт қызметкерлерінің қатысуымен күдіктілер ұзақ уақыт бойы ірі көлемде ұрланған дизель отынын әкетiп отырған.

Күдіктілердің тұрғылықты жерін тінту нәтижесінде 10 тоннаға жуық дизель отыны, сондай-ақ ЖЖМ тасымалдау және айдау үшін пайдаланылған автокөлiктер мен арнайы жабдықтар табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар тегіс ұңғылы мылтықтың кесіндісі табылды.

ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеуге қатысты өзге мәліметтер жариялауға жатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038393-zambyl-oblysyndagy-zauyttan-10-tonnadan-astam-dizel-urlangan/

pixel