Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Әлихан Смайыловтың жалған сұхбаты бар жарнама пайда болды

Опубликовано:

Әлихан Смайылов
Әлихан Смайылов. Фото: primeminister.kz

Әлеуметтік желілерде Қазақстан премьер-министрі белгілі бір криптовалюта платформасын мақтайды деген жарнама тарай бастады, деп хабарлайды StopFake.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Сайттың хабарлауынша, әлеуметтік желілерде премьер-министр Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланып, жалған жарнама тараған.

Мәтінде Смайыловтың атынан оқырмандарға криптовалютаға инвестициялау үшін белгілі бір платформаны пайдалану ұсынылады.

Смайыловтың жалған сұхбатының скриншоты
Смайыловтың жалған сұхбатының скриншоты. Фото: stopfake.kz

Үкіметтің баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты және қазақстандықтарды алаяқтардың арбауына түспеуге шақырды.

Өз кезегінде Мәдениет және ақпарат министрлігі әлеуметтік желілер әкімшілігіне заңсыз контентті бұғаттау туралы өтініш жолдағанын хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, жақында әлеуметтік желілерде Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевты полиция қызметкерлері ұстап жатқаны бейнеленген фотосы бар жалған ақпарат тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038435-zelide-alixan-smaiylovtyn-zalgan-suxbaty-bar-zarnama-paida-boldy/

pixel