jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

"27 градус жылы, жауын-шашынсыз": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Алматы көшесіндегі көліктер
Алматы көшелерінің бірі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бейсенбі, 28 қыркүйекте Қазақстанның үш мегаполисінде – Астана, Алматы және Шымкентте жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктердің болжамынша, Астанада күндіз ауа температурасы +13...+15 градусқа дейін жетеді, түнде елордада +5....+7 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Қалада жауын-шашын болмайды. Мамандар астаналықтарға желдің жылдамдығы 5-10 м/с-ке дейін жететінін ескертеді.

Бүгін Алматыда жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде, күндіз ауа температурасы +22...+24 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +9...+11 градусқа дейін суытады деп күтілуде. Оңтүстік астанада бүгін желдің жылдамдығы 2-7 м/с болады.

28 қыркүйекте Шымкентте күн жылы әрі жауын-шашынсыз болады. Қалада күндіз ауа температурасы +25...+27 градусқа дейін көтерілсе, түнде термометр бағаны +10...+12 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с-ке дейін жетеді.

"27 градус жылы, жауын-шашынсыз": бүгін еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.