Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Демалыс күндері еліміздің бірқатар өңірінде 3 градусқа дейін күн суытуы мүмкін

Опубликовано:

Күз
Күз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы демалыс күндері - 30 қыркүйек-2 қазан аралығында елімізде ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, демалыс күндері республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауып, жел күшейіп, ауа температурасы төмендейді.

Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарының таулы аймақтарында жауын-шашын күтіледі

Синоптиктер 1 қазанда Шығыс Қазақстан облысында жаңбыр мен жылбысқы қар аралас қатты жауын-шашын болады деп болжады.

Ал республиканың батысында ғана күн ашық, жауын-шашынсыз, сондай-ақ өңірде қолайлы температуралық фон сақталады.

Бұдан бөлек түнде және таңертең еліміздің басым бөлігінде тұман күтіледі.

Болжалды ауа температурасы бойынша республиканың солтүстігінде ауа темпертурасы түнде 0...+8 градус, күндіз +10...+23 градус болса, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде +5...+15, күндіз +18...+25 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде 3 градусқа дейін күн суытады деп күтілуде.

Айта кетейік, жақында Шығыс Қазақстанда Марқакөл көлінің маңындағы қар жамылғысының қалыңдығы 30 сантиметрге жететін алғашқы қар жауған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038768-demalys-kunderi-elimizdin-birqatar-onirinde-3-gradusqa-deiin-kun-suytuy-mumkin/

pixel