Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада автокөлік аялдамаға соғылды: зардап шеккендердің саны белгілі болды

Опубликовано:

Жедел жәрдем көліктері
Жедел жәрдем көліктері. Көрнекі фото: pixabay.com

Бүгін Астанада жеңіл автокөлік аялдамаға соғылып, апат салдарынан сегіз адам (біреуі бала) зардап шекті. Олардың жағдайы туралы Астана қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің баспасөз қызметі айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның хабарлауынша, 29 қыркүйекте жеті азамат оқиға орнынан жедел жәрдем көлігімен №1 көпсалалы қалалық аурухананың мемлекеттік жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

"Жан-жақты тексеру нәтижесінде екі науқас политравма және эндопротездеу бөлімшесіне жатқызылды", - деп хабарлады Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Бес науқас амбулаторлық емделуге және аумақтық тіркелу бойынша қалалық емханаларға жіберілді.

Сондай-ақ оқиға орнынан 2018 жылы туған қыз бала жедел жәрдем арқылы №2 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының травматология бөліміне жеткізілді.

"5 жасар қызды травматолог, нейрохирург, жақ-бет хирургына қаралды. Мидың рентгенографиясы мен томографиясы жасалды. Зардап шеккен балаға гипс салынды. Ол да амбулаторлық бақылауға жіберілді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Астанада Мерседес-Бенц жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, сол бағытта келе жатқан "Мазда" көлігіне соғылды. Мазда көлігінің жүргізушісі көлікті басқара алмай, аялдамаға соғылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2038786-astanada-avtokolik-ayaldamaga-sogyldy-zardap-sekkenderdin-sany-belgili-boldy/

pixel