jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Астанада көлік аялдамаға соқтығысты: зардап шеккендер бар (видео)

    Көлік апаты болған жер
    Көлік апаты болған жер. Видеодан кадр: instagram.com/police__astana

    Астанада жеңіл көлік аялдамаға соқтығысып, салдарынан бірнеше адам зардап шекті, деп хабарлайды елордалық полиция департаменті Instagram ресми парақшасында.

    Ведомство мәліметінше, оқиға бүгін сағат 08.31 шамасында болған.

    Анықталғандай, Mеrcedes-Benz жүргізушісі Байтұрсынов көшесімен Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, келесі жолаққа өту кезінде сол бағытта келе жатқан Mazda көлігіне апатты жағдай туғызып, Mazda көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасына соқтығысқан.

    Оқиға салдарынан зардап шеккендер медициналық мекемеге жеткізілген. Полиция бұл факті бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын атап өтті.

    Зардап шеккендердің саны нақтыланбады.

    Ал оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желілер мен Telegram-арналарында пайда болды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.